Авторизация
Email:
Регистрация
E-mail:
Пароль:
Подтверждение пароля:
Защита от автоматической регистрации
CAPTCHA
Введите слово на картинке:


Жүктеу бағалар тізімі

Компьютерлік
техникаКомпьютерлік<br/>техника
Каталог товаров
Брендтер каталогы
ALSIҚоғамдық оферта

Қоғамдық оферта

Бекітемін

«АЛСИ» ЖШС

Бас директоры

Баймағамбетов Т.М.

«01» қаңтар 2014 ж.

Қоғамдық оферта шарты

Әрі қарай Сатушы ждеп аталатын «АЛСИ» ЖШС атынан бас директоры Баймағамбетов Т.М. бір жағынан, және Сатып алушы (жеке және заңды тұлғалар – ҚР азаматтары немесе шет ел азаматтары) екінші жағынан, электронды сауда қатысушылары болып табылып, Сатушының «АЛСИ» ЖШС-нің Интернет-дүкені - www.alsi.kz арқылы тауарларды сатып алатындығы туралы келісімге келді және Шартты жасасу туралы қоғамдық ұсынысты (офертаны) қабылдады .

1.      Терминдер

«Оферта» — Сатушының кез-келген жеке/заңды тұлғаға жолдаған, барлық қосымшаларын қоса алғанда Келісім-шартта бар қазіргі кездегі шарттарда онымен сатып алу-сату келісім-шартын (әрі қарай – «Келісім-шарт») жасасу туралы қоғамдық ұсынысы.

«Сатушы»www.alsi.kz интернет-сайтында ұсынылған Тауарды сататын компания

«Сатып алушы» —Келісім-шарттағы шарттарда Сатушымен Келісім-шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға.

«Акцепт» — Сатып алушының Келісім-шарт шарттарын толық және сөзсіз қабылдауы.

«Тауар» — www.alsi.kz Интернет-сайтында ұсынылған сұрыпталым атауларының тізімі .

«Сайт» – www.alsi.kz мекен-жайында Ғаламтор желісінде қолжетімді Сатушының электронды құжаттарының (файлдарының) жиынтығы.

2.      Жалпы ережелер

2.1    - Сатушы www.alsi.kz «АЛСИ» ЖШС-нің Интернет-дүкені сайтында белгіленген сұрыпталымдағы тауарларды сатуға ұсынады.

2.2    Тауар, оның тұтынушылық қасиеттері, бағасы және оның даярлаушысы туралы ақпарат Интернет-дүкеннің http://alsi.kz/kz/catalog/ тарауында Сатып алушы үшін қолжетімді.

2.3    Тауарға тапсырыс беруді Сатып алушы www.alsi.kz интернет-сайты, телефон арқылы немесе [email protected] мекен-жайына электронды хат жолдау арқылы жүзеге асырады. .

2.4    Сатушы каталогта, дүкенде немесе беру орындарында көрсетілген сұрыпталымның барлығын ұстамау құқығын өзіне қалдырады.

2.5    Сатушы өз ұйғарымы бойынша тауарды сатуды тоқтату, және де кез келген тауарды сатып алуға шектеу қою құқығын өзіне қалдырады.

3.      Келісім-шарттың мәні

3.1    Сатушы Тауарды Сатушының интернет-сайтында жарияланған қолданыстағы прейкурантқа сәйкес сатады, ал Сатып алушы төлем жасайды және Тауарды осы Келісім-шарттың шарттарына сәйкес қабылдайды.

3.2    Ос Келісім-шарт және оның барлық қосымшалары Сатушының ресми құжаттары болып және Офертаның ажырамас бөлігі болып табылады.

4.      Тапсырысты рәімдеу

4.1    Тапсырыс осы келісім-шарттың 2.3 тармағына сәйкес жасалады.

4.2    Сатып алушы «сілтеме» парағындағы Сатып алушының тапсырыс нысанында өзі ұсынған ақпараттың дұрыстығы үшін жауап береді

4.3    3 Сатушының интернет-сайтында Тапсырысты тіркеу (орналастыру) кезінде, Сатып алушы өзі туралы тіркеу ақпараттарын ұсынуға міндеттеледі

4.4    www.alsi.kzсайтында берілген барлық ақпараттық материалдар анықтамалық сипатқа ие және Тауардың бағасы, түсі, тұрпаты, өлшемі және қаптамасы сияқты белгілі қасиеттір мен сипаттамалары туралы анық ақпараттарды толық түрде бере алмайды. Сатып алушыда Тауардың қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Тапсырысты рәсімдеуден бұрын оған кеңес алу үшін жүгіну немесе  [email protected] электронды пошта мекен-жайына сұраныс жолдау қажет.

5.      Тапсырысты төлеу

5.1    Тапсырысты төлеу http://alsi.kz/kz/instructions/payment/ «Төлем» парағында ұсынылған ақпаратқа сәйкес сатып алушының таңдауымен жүзеге асырылады.

5.2    Тауардың әрбір позициясының бағасы www.alsi.kz интернет-сайтында көрсетіледі. Тауардың тапсырыс берілген позицияларының бағалары өзгерген жағдайда, Сатушы қсықа мерзім ішінде Сатыпалушыны осындай өзгерістер туралы хабардар етуге міндеттеледі. Сатып алушы Тапсырысты растауға немесе жоюға құқылы. Сатып алушыен байланыс болмаған жағдайда Тапсырыс орналастырылған сәтінен бастап 14(он төрт) күнтізбелік күн ішінде жойылған деп есептеледі.

5.3    Тауарлардың кез келген позициясына интернет-сайтта көрсетілген бағаларды Сатушы біржақты тәртіпте Сатып алушыны хабардар етпестен өзгерте алады.

6.      Тапсырысты жеткізу

6.1    Жеткізу Сатып алушының тапсырысында көрсетілген мекен-жайға жеткізіледі. Алушы ретінде Сатып алушының тапсырысында Т.А.Ә. және мекен-жайы көрсетілген басқа жеке тұлға бола алады, ол жеке куәлігін көрсетуі тиіс, тапсырыс кіре берістің/кеңсенің есігіне дейін жеткізіледі.

6.2    Тапсырысты жеткізу http://alsi.kz/kz/instructions/delivery/ «Жеткізу» парағында көрсетілген ақпаратқа сәйкес жүзеге асырылады.

6.3    Сатып алушы көрсеткен ҚР аумағындағы мекен-жайға жеткізу Сатып алушының есебінен жүргізіледі. Алматы қ. бойынша жеткізуді – Тауарларды ҚР аймақтары бойынша төлемді жеткізуді Сатушы жүк тасымалдаушыларды жұмылдырып жүзеге асырады .

6.4    Тауарларды жеткізу Алматы қ. Бойынша 3 жұмыс күні ішінде, Қазақстан Респубилкасының аумағы бойынша (ірі облыс орталықтары) 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жеткізу мерзімдері Сатушыға тәуелсіз себептермен өзгеруі мүмкін.

7.      Тараптардың жауапкершілігі

7.1    Сатушы Сайтта тапсырыс жасалған Тауарларды тиісті түрде пайдаланбағаны үшін Сатып алушыға келтірілген залал үшін жауап бермейді.

7.2    Тараптар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңға және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес осы Келісім-шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жауапкершілік көтереді.

7.3    Сатып алушы Тапсырысты рәсімдеу кезінде ұсынылған ақпараттың дұрыстығы және жеткіліктігі үшін жауапкершілік көтереді.

7.4    Тараптар өз міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер орындамау соғыс немесе әскери әрекеттер, жер сілкінуі, су басу, өрт және басқа табиғи апаттар, мемлекеттік билік органдарының актілері немесе әрекеттері, кеден ережелерінің өзгеруі, импорт пен экспортты шектеу сияқты осы Келісім-шартты жасасқаннан кейін Тараптардың еркінен тыс туындаған еңсерілмейтін жағдайлардың салдары болып табылатын болса. Өз міндеттемелерін орындай алмайтын тарап, осы туралы тез арада екінші Тарапты хабардар етеді және осындай жағдайлардың болуын растайтын, осыған өкілеттелген органдар берген құжаттарды ұсынады.

7.5    Сатушы кез келген уақытта Сатып алушыны алдын ала хабардар етпестен, сатуға ұсынылатын тауарларды өзгерту немесе каталогтан шығару, оның бағасын өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

8.      Тауарды қайтару

8.1    Сатып алушы, өзіне тауарды беру сәтінен бастап 14 күн ішінде, сатып алынған сапасы жақсы тауарды өлшемі, тұрпаты, қалпы, түсі, жиынтығы, жаңартылуы ұқсас басқа тауарға, бағасында айырмашылық бар болған жағдайда, Сатушымен қажетті қайта есептесуді жүргізіп, айырбастай алады. Бұл жағдайда Сатып алушының Сатушыға хабарласуы қажет: телефон +7 (727) 2-950-950; e-mail: [email protected]. Сатып алушының тауарды айырбастау, немесе қайтару туралы талабы қанағаттандырылады, егер тауар қолданылмаған болса, оның тұтынушылық қасиеттері, қаптамасы сақталған болса.

8.2    Сапасы дұрыс емес Тауарды жеткізген жағдайда, Сатып алушы тараптар арасында келісілген мерзімде тауарды сапалы тауарға айырбастауды талап етуге құқылы.

8.3    Сатушыға тауарды қайтаруды Сатып алушыда өкілеттелген сервис орталығынан техникалық жағдайы туралы актісі бар болған жағдайда жүзеге асырылады.

8.4    Егер Сатып алушы тауарды қабылдаудан бас тартатын болса, онда Сатушы Сатып алушының карта-шотына банктік аударым жасау арқылы немесе қолма-қол есептесіп, ақшаны қайтарады.

8.5    Осы Келісім-шарт бойынша даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер арқылы немесе наразылықтар жолдау арқылы реттеу үшін барлық шараларды қолдануға міндеттеледі. Наразылықтарды қарастыру мерзімі 10 күн.

9.      Кепілдіктер

9.1    Кепілдік қызмет көрсету мерзімі және тауарға берілетін кепілдік шарттары кепілдік талонында белгіленеді. Кепілдік қызмет көрсету Сатушының сервис орталығында немесе Сатушының сервис-серіктестерінің сервис орталықтарында жүргізіледі. Ақаулы жабдықтарды сервис орталықтарына жеткізуді Сатып алушы өз есебінен жүргізеді .

9.2  Осымен Сатушы өзінің сипаты бойынша сауытқа салуды және (немесе) қаптауды қажет етпейтін тауарларды ескермегенде, сапасы тиісті түрдегі тауар сауытта және (немесе) қаптамада, белгілі жинақта (тауарлар жиынтығы) және жиынтықта (тауарларға қатысты құжаттары мен керек-жарақтары бар) жеткізілетіндігіне кепілдік береді.

9.3    Сатушы берілетін тауардың сапасына, сауытына және (немесе) қаптамасына, оның жинақтылығына, керек-жарақтарына және құжаттарына, тауарлардың жинағына, және де тауарларды жеткізу шарттарына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігіне кепілдік береді. Сәйкестік сертификаты сұраныс бойынша беріледі, егер жеткізілетін тауар түрі ҚР заңнамасына сәйкес міндетті сертификатталуға жататын болса.

10. Құпиялық

10.1 Сатушы, Қазақстан Респубилкасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайларды ескермегенде, Сатып алушыдан алынған ешқандай ақпараттың ешқашан және ешқандай жағдайларда үшінші тұлғаларға берілмейтіндігіне кепілдік береді.

10.2 Сатушы Сатып алушыдан жеке мәліметтерді ұсынуды сұрауы мүмкін. Ұсынылған ақпарат тек қана интернет-дүкендегі Тапсырысты өңдеу кезінде немесе Сатып алушының арнайы ақпаратқа қол жеткізуі үшін ғана қолданылады. Сатып алушының жеке мәліметтерін өзгертуге, жаңартуға немесе өшіруге болады.

10.3 Сатып алушыларды белгілі түрдегі ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, Сатушы тіркеу кезінде көрсетілген электронды пошта мекен-жайына ақпараттық хабарламаларды жолдауы мүмкін. Кез келген сәтте Сатып алушы осындай таратулардың тақырыбын өзгерте алады немесе одан бас тарта алады.

10.4 Тапсырысты картамен төлеген кезде карточка туралы және оның ұстаушысы туралы ақпарат қорғалған түрде банктің авторландыру серверіне беріледі және Сатушыға немесе үшінші тұлғаларға берілмейді. Бұл кезде, интернет-дүкенде төлеу туралы хабарламадан басқа, ешқандай құпия ақпарат Сатушыға берілмейді.

Сатушы туралы ақпарат

«АЛСИ» ЖШС Қазақстан Республикасы

050051 Алматы қ., Көктем 2 ш/ауданы, 19А үй,

СТН 600900158183

ЖСК KZ369650200008024353

"ForteBank" АҚ филиалы Алматы қ.,

БСК IRTYKZKA

БСН  040440005547         


Жоғары
Каталог
0
Кеңесші
Компьютерная
техникаКомпьютерная<br />техника
Кеңесші